19-01-22 |
1700 рет қаралған
Ерлан Қарин: Ақпараттық шабуылдарға тап болдық.
Ерлан Қарин: Ақпараттық шабуылдарға тап болдық

Еліміздің бірнеше аумағында антитеррорлық операциялар әлі де жалғасады. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

 

«Төтенше жағдай режимінің алынатынына қарамастан антитеррорлық режим кей аймақтарда жалғасады. Сонымен қатар антитеррорлық операциялар режимі жоғарғы деңгейде», – деді Ерлан Қарин. 

Оның сөзінше, құқық қорғау органдары жағдайды қалпына келтірумен қатар ақпараттық шабуылға тойтарыс беруге мәжбүр.

«Алғашқы күндерден бастап ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Бұл – жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтар ағымы. Олар әлі де жалғасуда. Құқық қорғау органдары тәртіпті қалпына келтіріп қана қоймай, айтып өткен ақпараттық шабуылдарға да тойтарыс беруде», – деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы

Ол ақпараттық шабуылдардың ішкі және сыртқы көздерден келетінін қосып өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғанын да айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.