«Бірінші дүниежүзілік соғыс ұлтшыл озбырлық пен әскери менмендіктің неге әкеліп соқтыратынын көрсетті» деп мәлімдеді Ангела Меркель Парижде өткен шарада.
Германия канцлері Сириядағы қақтығысты саяси жолмен реттеуге және Йемендегі қантөгісті тоқтатуға шақырды. Оның сөзінше, бұл елдерде қазір ең ауыр гуманитарлық апат болып жатыр.
Оқи отырыңыз: Әлем жетекшілері тарихи күнді қалай атап өтті?
Форумда сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон да ұлтшылдықтың таралуынан сақтануға шақырды. Ол 1930 жылдары Еуропада тараған ұлтшылдық Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болғанын айтты.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір әлемде болып жатқан жағдайлар мен 20-ғасырдың басы және 1930 жылдардағы ұқсастықты айтты. БҰҰ Бас хатшысы ойламаған жерден туындайтын оқыс оқиғалардан сақтану керегін ескертті.