arasha.kz

Eurosport Сабина Алтынбекованың сұлулығына тамсанды

Ресейден ақпарат тарататын Eurosport сайты қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың сұлулығына тамсанып, оның әлеуметтік желідегі фотосуреттерін жариялады.

«Сабины Алтынбекованың суретін көріп, есің кетпесін» -деп жазған Eurosport. «Бұл қыз Қазақстан туының жанында күннен бетер жарқырап тұр. Оған дүйім Азия ғашық, – деп спорттық БАҚ өкілі тамсанысын жеткізіпті.

«Сабинаның атағы 2014 жылы шыға бастады. Ол  жастар арасындағы Азия чемионатында көзге түскен. Сол кезде оның сұлулығына бүткіл Шығыс Азия ғашық болып, спортшы қыз түрлі демеушілік және жарнамалық ұсыныстардың астында қалды.

Сабина бір жылға Жапонияға кеткен, бірақ кейін Қазақстанға қайтып келді.  2016 жылдың аяғында ол өзі туған Ақтобе қаласында волейбол клубын құрды. Қазыр ол клубта әйелдер және ерлер топтары бар. Бүгінде оның инстаграм парақшасына 722 мыңнан астам адам жазылған», -делінген мақалада.

Exit mobile version