27-10-18 |
1320 рет қаралған
Facebook Иранмен байланысты 82 аккаунтты жойды.
Facebook компаниясы осы әлеуметтік желі мен Instagram-дағы Иранмен байланысы болуы мүмкін 82 аккаунтты жойды.

Бұл “фейк аккаунттар” нәсіл, көші-қон және тағы басқа нәзік тақырыптарға қатысты арандататын материалдар жариялаған. Олардың АҚШ және Ұлыбританияда миллионнан астам оқырманы болған.

Бұл аккаунттар өздерін “америкалық және британдық ақпарат көздері”  ретінде атап, жазбалар жариялаған. Digital Forensic Research Lab зерттеу орталығының дерегінше, олардың негізгі аудиториясы либералды көзқарастағы америка тұрғындары болған.

Зерттеу орталығының пікірінше, жойылған аккаунт иелері арандататын материалдар таратып, саяси белсенді топтарды өздеріне тартуға тырысқан. Осылайша қоғамдық пікірді бұрмалағысы келген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.