06-12-18 |
1330 рет қаралған
Falcon 9 зымыранының ажыраған бөлігі мұхитқа құлады.
Америкалық SpaceX компаниясының Falcon 9 тасымалдаушы зымыранының ажырап, станцияға қайтатын бөлігі Атлант мұхитына құлады. Алайда, Илон Масктың айтуынша, бөлік қатты зақымданбаған.

Компания «алайда неге бұлай болғанын түсінуге мүмкіндік беріп, ақауларды жоюға көмектесетін біраз дерек алдық» деп хабарлады.

4 желтоқсанда Калифорниядағы (АҚШ) Ванденберг базасында бортында 60-тан астам микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырылған. Falcon 9 зымыраны 17 елдің 64 спутнигін ғарышқа жеткізеді. Ондағы екі спутник Қазақстанға тиесілі.

Оқи отырыңыз: Ғарыш саласында Ресей АҚШ-тан қалып барады

Зымырандарды қазақ-британ инженерлер командасы жасаған. Оның бірі – салмағы 100 кг, жерді қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін микроспутник, екіншісі – Жердің ионосферасын зерттеуге мүмкіндік беретін, салмағы бес келі наноспутник.​

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.