«Мен оған (Сенцовқа – ред.) ары қарай да өмір сүру керегін, өмір жалғасатынын түсіндіре алған дәрігерлер мен адвокатқа алғыс айтамын. Оны ақырында біздің дәрігерлер, мамандарымыз көндірді. Ол өмірді таңдады» деді Максименко.
Сенцовтің адвокаты Дмитрий Динзе Федералдық жазаны атқару қызметінің хабарламасына әзірге комментарий бермеді.
Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде «теракт ұйымдастырмақ болған» деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі.
Қыркүйектің 29-ында Олег Сенцовтың Лабытнаги қаласындағы ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Бұдан ертерек адвокат Дмитрий Динзе Олег Сенцов өзін күштеп тамақтандыруы мүмкін екенінен қауіптеніп, ауруханаға жатудан бірнеше рет бас тартқанын айтқан.
Жүзден астам Халықаралық ұйым Ресейден Сенцовты босатуды талап еткен.