arasha.kz

Финляндия: GPS қызметінің бұзылуына Ресейдің қатысы болуы мүмкін

Финляндия премьер-министрі Юха Сипиля НАТО күштерінің Trident Juncture деп аталатын әскери жаттығуы кезінде халықаралық GPS навигациялық жүйесі жұмысының бұзылғанына Ресейдің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Финляндияның Yle телернасына берген сұхбатында Юха Сипиля техникалық тұрғыдан алғанда радиосигналды бұзу оңайырақ деген пікір айтты. Ол навигациялық жүйе қызметінің бұзылуын «әскери жаттығуға қатысушы барлық елге бірдей ескерту» деп атады.

Өткен аптада финляндиялық әскерилер елдің солтүстік полюске жақын аудандарында GPS қызметінде іркіліс болғанын байқаған еді. Мұның алдында Норвегия әскерилері де жүйенің тоқтап барып қайта жұмыс істегенін мәлімдеген.

Бұған дейін Финляндия парламентіндегі қорғаныс комитетінің төрағасы Илка Канерва GPS жүйесі қызметінде туындаған кедергілер авиацияға қауіп төндіретінін ескерткен.

Azattyq.org

Exit mobile version