arasha.kz

Forbes әлемнің ең ықпалды әйелдерінің тізімін жариялады

Германия канцлері Ангела Меркель биылғы жылдың ең ықпалды әйелдерінің көшін бастап тұр. Ал екінші орынға Ұлыбританияның үкімет басшысы Тереза Мей жайғасса, үшінші сатыда Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард тұр.

Forbes-тің жазуынша Ангела Меркель осымен 8 жыл қатарынан ықпалды әйелдер тізімінде көш бастап тұр. Жақында Христиан Демократиялық Одағының (CDU) басшысы қызметінен шығып, 2021 жылы қайта сайлауға түсу ниеті болмаса да, Еуропаның қаржы әлемі бәрі бір оны ықпалды әйелдер қатарына жатқызады.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмероннан кейін екі жыл бойы бірқатар күрделі мәселелерді шешуде көп күш жұмсағаны үшін Тереза Мей журнал рейтингіндегі екінші сатыға жайғасыпты.

Жаһандық сауда-саттық дауын азайтып, тұрақтылықты қолдаушы күш ретінде Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард  сегізінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Ал төртінші және бесінші болып «GM» бас директоры Мэри Барра және Fidelity төрайымы және бас атқарушы директоры Абигейл Джонсон ханым рейтингтің бестігін жауыпты.

arasha.kz

Exit mobile version