Африканың Үнді мұхиты жағалауында орналасқан Реюньон аралында наразылық шырқау шегіне жетіп отыр. 19 қарашада бірнеше адам жанармай құю станциясын өртеген, төрт жандарм жараланған. Реюньон тұрғындарының жартысына жуығы кедейлік шегінде тұрады, мұндағы әр төртінші адам – жұмыссыз. 20 miniutes интернет басылымының жазуынша, аралда осыған қарамастан жеңіл көлік өте көп.
Францияның өзінде наразылық акциялары ең оқшау, жергілікті тұрғындар күнделікті көлікпен жүретін аймақтарда болып жатыр. Елдің оңтүстік-шығысындағы Савойя облысында әйел жүргізуші қымбатшылыққа наразы болып, жолды жапқан әйел мен бірнеше тұрғынды көлігімен, соққыға жыққан.
Франция прокуратурасы сонымен қатар Страсбург түбіндегі даңғылды жапқан бірнеше адамды түрмеге қамауды талап етті. DNA агенттігінің хабарлауынша, жергілікті сот олардың бірін төрт айға қамады.
Өткен аптада Францияда бензин мен дизель акцизінің бағасы қымбаттауына наразылық басталып, содан бері 500-ден астам адам зардап шеккен. Өткен сенбіде Париждің орталығында өткен митингіге 300 мыңға тарта адам жиналған. Демонстранттардың бір бөлігі Елисей сарайына кіруге ұмтылған.
Салықтың көтерілуіне қарсы франциялықтар қымбатшылық ең алдымен кедейлер мен орта тапқа қиын тиетінін айтады. Францияның көптеген аймағында қоғамдық көлік онша дамымағандықтан тұрғындар жеке көлікпен жүреді.