Бақылаушылар қорытынды құжатты қабылдау оңай болмағанын, бірақ ақыр соңында «Әділетті және тұрақты даму үшін консенсус әзірлеу» деп аталатын декаларция қабылданғанын айтады.
Онда еңбек нарығын қолдау, инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік проблемалары мен гендерлік теңдікті шешу саммиттің негізгі тақырыптары болғаны жазылған.
Декларацияда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Халықаралық валюта қорына реформалар жүрзігу, ғаламдық климаттың өзгеруіне және әйелдерді кемсітушілікке қарсы күрес қажеттігі айтылған. Бұған қоса коррупциямен күресу, офшорлық аймақтарда басқа шараламен бірге салық режимін күштейту қажеттігін атап көрсеткен.
Сонымен бірге құжатта босқындардың жаппай қоныс аударуы гуманитарлық, саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыда ғаламдық проблемаға айналып отырғаны айтылған. Жаппай миграция себептерімен күресу үшін бірлескен іс-қимыл қажет екені жазылған.
Жалпы отырыстардан өзге саммит оған қатысушы елдер лидерлерінің екіжақты кездесулерімен де назар аудартқан. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинмен екі ел арасындағы «сауда соғысын», ал Германия канцлері Ангела Меркельмен – Керчь бұғазындағы жағдайды талқылаған.
Меркель бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен де сөйлескен. Путин мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кездесуінде әңгіме бейбіт келісім туралы өрбіген, Путин екі тараптың 1956 жылғы Декларацияны талқылауға тірелгенін бұл жолы да қайталаған. Ол құжатта СССР Оңтүстік Курилдегі екі аралды Жапонияға беруге әзір екенін білдірген болатын.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024