04-07-22 |
1710 рет қаралған
Грузия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.
Грузия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Грузияда оппозициялық саяси партия өкілдері мен тұрғындар 3 шілдеде Тбилисдегі парламент ғимаратының маңында митинг өткізді. Наразылыққа шыққандар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

 

Наразылық білдіргендер елде реформа жүргізе алатын және Еуроодаққа мүшелікке қабылдануға қол жеткізе алатын министрлер кабинетін жасақтауды талап етті. Сонымен қатар олар парламент ғимараты орналасқан Руставели даңғылын жауып тастаған. Митинг «Еуропадағы үйімізге» деп аталады. 

Еуроодақ көшбасшылары одақ саммитінде 23 маусымда Украина мен Молдавияға ұйымға қосылу үшін кандидат мәртебесін берген. Олар Грузияның еуропалық келешегін мойындап, оған да бірнеше талапты орындаған соң мәртебені беруге дайын екенін мәлімдеген. Грузияда билік реформасын жүргізу үшін алты ай уақыт бар. Үш елдің Еуроодаққа қанша уақытта қосылатыны белгісіз. Еуроодақ мүшелігі туралы келіссөз 10 жылдан аса уақытқа созылуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.