Грузия сарапшыларының пікірінше, президенттікке үміткер 25 адамның тек екеуінің ғана жеңіске жетуіне шынайы мүмкіндіктері бар. Бұлар – парламент депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі, “Грузин арманы” партиясы қолдайтын Саломе Зурабишвили және “Біріңғай ұлттық қозғалыс” партиясы атынан сайлауға түскен, бұрынғы сыртқы істер министрі Григол Вашадзе.
Бұл елдегі соңғы жалпыхалықтық президент сайлауы. 2024 жылдан бастап президентті парламент пен сайлаушылар коллегиясы сайлайды.
Грузия заңы бойынша, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер сайлауда жеңген болып саналады. Егер бұл көрсеткішке жете алмаса, онда көп дауыс жинаған екі кандидат арасында сайлаудың екінші кезеңі өтеді.
Ал егер бірінші кезеңде-ақ жеңімпаз анықталса, онда сайлаудың түпкілікті қорытындысы (яғни, сайлаудың қорытынды хаттамасын жариялау мерзімі) 19 қарашада жарияланады. Ал сайлауда жеңген саясаткер 18 қарашада ант беруі тиіс.