03-10-18 |
1190 рет қаралған
Химия саласында Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді.
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығы биыл ғалым Фрэнсис Арнольд, Джордж Смит және Грегори Уинтерге берілді. Фрэнсис Арнольд бұл сыйлыққа ферменттер эволюциясы саласында жүргізген зерттеулері, ал Джордж Смит пен Грегори Уинтер пептид пен антиденені зерттегені үшін лайықты деп танылды. Бұл ғалымдардың зерттеулері жасушалар мен микробтардың үш өлшемді кескінін өте жоғары сапада жасауға мүмкіндік береді.

Былтыр бұл сыйлық швейцариялық Жак Дюбош, америкалық Йоаким Франк және британдық Ричард Хендерсонға табысталған. Олар сыйлыққа криоэлектронды микроскопияны зерттегені үшін лайықты деп танылған.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Бұл сыйлық пен оның  бір миллион долларға жуықтайтын ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн – 10 желтоқсанда табысталады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.