28-12-23 |
18880 рет қаралған
«I’M»мейрамханалар желісі жаңа брендпен ашылуының алғашқы айын атап өтті.
«I’M»мейрамханалар желісі жаңа брендпен ашылуының алғашқы айын атап өтті

«I’M» жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жаңа брендпен ашылуының алғашқы айын атап өтті. Осы уақыт ішінде компания барлық процестерді жаңа брендке сәтті икемдей алды, сонымен қатар қонақтар санының артуына қол жеткізді, жоғары сатып алу белсенділігін сақтап қалды және деливери- қызметімен бірге тегін жеткізуді іске қосты.

Жаңа брендпен жұмыс істеген бір айда «I’M» мейрамханалар желісі 500 мыңнан астам бургер, 400 мың порция картоп және 50 мың кофе мен шай сусындарын сатты. Ыстық сусындар маусымында қонақтарға жаңа дәмдер ұсынылды. Сондай-ақ, «Glovo» жеткізу агрегаторымен бірлесіп, 60 мыңға жуық тапсырыс іске асырылды, ал қараша айының соңында осы серіктеспен бірге «I’M» тағамдары мен өнімдерін тегін жеткізу жұмыс істей бастады.

Бір ай ішінде қонақтар «I’M» мейрамханаларына бүкіл Қазақстан бойынша 380 мыңнан астам рет барды. Компания күн сайын орташа есеппен 12 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді, ал олар ас мәзірін жоғары бағалай алды. Мәзірде барлығына сүйікті болып үлгерген позициялар сақталған, бұған қоса мейрамханалар желісі әр уақытта қонақтарға жаңалықтарды да ұсынады. Бұл өз кезегінде келушілерге сүйікті дәм мен мейрамханаларға барудың тәжірибесін ұсынады. Ең танымал позициялар ретінде Комбо Биф Тейсти, Комбо Чикен Тейсти, Комбо Гранд Чизбургер, сондай-ақ Чизбургер, Чикенбургер мен Айс Микс балмұздағы танылды.

«Food Solutions KZ» ЖШС Бас директоры Әсет Машанов: Біз адамдарға нағыз мереке, қонақжай сервис пен «I’M Feel-Good restaurants» рухында сапалы өнімдер беруді жалғастырамыз. Біздің мейрамханаларымызда әрқашан дәмді тамақтануға, еркін әңгімелесуге, көңіл-күйіңізді көтеруге, кішкентай жеңістерді атап өтуге, бір сөзбен айтқанда – өзіңізді жақсы сезінуге болады. Біз бұрын қабылданған жоғары сапа мен қызмет көрсетудің барлық стандарттарын сақтай отырып, мейрамханалардың жұмысын жалғастырғанымызды мақтан тұтамыз.

Жақын арада «I’M» мейрамханалар желісі отандық өндірушілермен әріптестік қатынастарды барынша нығайтуға, Қазақстандағы жылдам қызмет көрсететін кәсіпорындардың географиясын кеңейтуге, сондай-ақ ингредиенттер мен өнімдерді оқшаулау бойынша «Food Town KZ» өндірістік-логистикалық кешенінің қызметін дамытуға ниетті.

Фото: «Food Solutions KZ» ЖШС баспасөз-қызметі

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.