Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
390 рет қаралған
Ит таластыратындар ҚР заңына бағынбай ма? (ВИДЕО).
Ит таластыратындар ҚР заңына бағынбай ма? (ВИДЕО)

Қазақстанда ит төбелестіруге 2022 жылы заңмен тыйым салынғанына қарамастан, бұл заң бұзушылықтың кейбір аймақтарда әлі де ашық түрде жалғасып жатқаны байқалуда.

Желі қолданушылары әлеуметтік желілердегі арнайы парақшалар арқылы мұндай оқиғалардың жария түрде насихатталып жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Соның бірі – «Qaganat» деп аталатын Instagram парақшасы. Онда иттер арасындағы жекпе-жектердің видеолары мен фотолары жарияланып отырады. Парақшада биылғы жылдың «Қазақстан чемпионы» деген атаққа «Тарзан» есімді алабай иттің ие болғаны жазылған. Бұл туралы Buzyq телеграм арнасы жазады.

Ит таластыратындар ҚР заңына бағынбай ма? (ВИДЕО)

Бұл ақпарат елімізде ит төбелестері жасырын емес, республикалық деңгейде өткізіліп жатқанын көрсетеді. Тиісінше, бұл заңды белден басу ғана емес, жануарларға жасалған қатыгездік деп ойлаймыз.

Ит таластыратындар ҚР заңына бағынбай ма? (ВИДЕО)

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша жануарларға қатыгездікпен қарау – әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ит таластыратындар ҚР заңына бағынбай ма? (ВИДЕО)

Мамандар мен зооқорғаушылар құқық қорғау органдарынан әлеуметтік желілердегі мұндай контентті бақылауға алып, ит төбелесін ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шара қолдануды талап етуде.

Тағы оқыңыз: Баланы иттердің шабуылынан құтқарған азамат жазаға тартылмайды

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.