05-10-20 |
1860 рет қаралған
Италия мен Франция табиғат апатымен күресіп жатыр.
Италия мен Франция табиғат апатымен күресіп жатыр

Италияның солтүстігі мен Францияның оңтүстігіндегі «Алекс» дауылы нөсерге айналып көптеген елді мекенді су басты. Табиғат апатынан 4 адам қаза тауып, 20-дан аса тұрғын із-түзсіз жоғалды. Екі елде де өзендер арнасынан асып, тас жолдар мен көпірлерді су шайып кетті. Электр желілері бүлініп, мыңдаған адам жарықсыз қалған. Мамандардың айтуынша, бұл өңірде 10 сағаттың ішінде жауынның жылдық мөлшері жауған. Қазір Италия мен Франция апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр. Құтқару операциясына әскерилер мен өрт сөндірушілер қатысуда.

Видео Euronews арнасынан алынды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.