2019 жылғы қаңтар-ақпандағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 39 925 құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 20 040 құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,8 %-ға артты.
Оның ішінде Астана қаласында ең көп мәміле жасасқан екен, олардың саны 3 3396, ал Алматы қаласында 3000-ға жуықтапты. Үшінші сатыға 1862 мәміле жасаған Қарағанды тұр. Тұрғын үйді сатып алу-сату ең аз аймақ – Қызылорда болып шықты, онда 416 мәміле жасалған.
2019 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17 %-ға артты.