03-01-22 |
1540 рет қаралған
Энергетика министрлігі әрекетсіз отыр.
Энергетика министрлігі әрекетсіз отыр

ҚР Энергетика министрлігі газ бағасының қымбаттайтынынан хабардар болған.

Министрлік үш жыл ішінде (2019-2021 жж.) кезең-кезеңмен ЭСА арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемі ұлғайғанын атап өтті. 

«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап СМГ сауда-саттығының тауар биржалары арқылы 100% өтуі жүзеге асырылды (СМГ-ны мұнай-газ-химиясы өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы СМГ-ны тұтынатын абоненттер үшін СМГ-ны өткізуді қоспағанда).
СМГ-ны электрондық сауда-саттық арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітпейтін жағдайлар жасайды және СМГ-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді», – дейді министрлік.

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Бұл ретте СМГ өндірісінің көлемі ұлғаймай, өткен жылдар деңгейінде қалды. 

Электрондық саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде СМГ-ға бағаны теңдестіруге мүмкіндік береді, бұл жаңа өндірістік қуаттарды құруға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нарықтық механизмдер бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді, өнімді емес делдалдардың нарыққа әсерін азайтады, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

ЭСА-ға көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өндірушілер үшін шығынды болды, өйткені ол өзінің өзіндік құнынан төмен бағамен жіберілді. 

2022 жылғы қаңтар айына өнім берушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын (беру жоспары бойынша бөлінгендерден 96,5%) сатып алды.

20-24 желтоқсан аралығында электрондық сауда алаңында (ЭСА) бес сауда сессиясы өткізілді, оның барысында сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасы қалыптасты.

Мәселен, Маңғыстау облысына қаңтар айында сұйытылған газды жеткізудің орташа көтерме бағасы тоннасына 133 126 теңгені немесе литріне 78 теңгені құрады.

Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау ауданында литріне 100-120 теңгені құрады.

Жалпы, қаңтар айының сауда сессиялары штаттық режимде өтті, нарықтық механизм өңірлердің қажеттіліктерін СМГ-ның қажетті көлемімен реттеді, олар қазіргі уақытта өңірлерге жөнелтілу процесінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.