Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде «қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, атыс қаруы мен суық қару, оқ-дәрі мен экстремистік мазмұндағы материалдар және әскери іс-қимыл жүргізу туралы нұсқаулық» тәркіленген.
ҰҚК қазір күдіктілер тергеліп жатқанын айтады.
ҰҚК Қазақстанның түрлі аймағында әлсін-әлсін арнайы операция жүргізіп, экстремизм мен терроризмді насихаттады, «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырды» деген күдікпен ондаған адамның ұсталғанын хабарлап тұрады.