1933 жылы 23 наурызда Әскери Әуе Күштерінің ұшақтарын басмач қарақшылары мен күресте қолдану кезінде Шығыс округінің жоғары шекара басқармасының 14-ші Авиажасағы Иркутск қаласында Белая станциясында орналасты.1942 жылы бұл уақытта 9 авиациялық базасы аталып Алматы облысы Бурундай ауылына ауыстырылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы арасында, Ұлы отан Соғыс (1941-1945) жылдары, Ауған Демократиялық Республикасында (1979-1989 ж.ж.) өткен соғыстарға қатысқан даңқты тарихы, салт-дәстүрі бар ен бірінші авиациялық әскери бөлім.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан ҰҚК Шекара қызметінің Авиациясы әуе барлауын жүргізу, іздестіру, патруль, қызмет (топ) шекара бөлімшелерін десант түсіру, ұрыс жағдайында әскери бөлімдердің әскери қызметшілерін қамтамасыз ету, Мемлекеттік шекара тәртібін қарулы күштердің басып кіруіне жол бермеген, жаралы ауру адамдарды (жолаушыларды) техника мен жүк кару-жарақ сонымен қатар материалдық құрал тасымалдаумен айналысқан. Мемлекеттік шекараны қамтамасыз ету барысында, іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізді.
Қазіргі таңда, аралас авиациялық эскадрильялары Астана, Ақтау, авиациялық отряд пен тік үшақ буыны Қызылорда, Шымкент қалаларында орналастырылды. Мемлекеттік шекараның созылуына байланысты авиациялық базасының қызметтік жауынгерлік іс қимылы динамикаларға толы, Солтүстік, Оңтүстік және Батыс бағыттарындағы жаңа аумақтарды игеру жүруде.
Бүгінгі таңда бірінші Авиациялық база заман талабына сай әскери техникалармен жабдықталынған. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап, Шекара қызметі келесі мүлікпен қамтамасыздандырылды:
Сатып алынды:
2 ұшақ – Ан-74Т-200А, супер ДЖЕТ RRJ-95LR-100,
7 тікұшақ (Ми-171Ш (6 дана.), Ми-171Е (1 дана).
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінен берілді:
9 ұшақ (Ан-26– 4 дана, Ан-2 – 4 дана Як-42Д – 1 дана).
Сонымен қатар модернизациядан:
11 тікұшақ (Ми-8МТ);
11 ұшақ өтізілді (Ан-26 (4 дана.), Ан-72 (1 дана), Як-40 (1 дана), Як-42 (1 дана.), Ан-2 (4 дана).
Мемлекеттік шекараны қамтамасыз етуде жоғары санаттағы ұшқыштар мен штурмандар (жеке құрамның барлығы 635 әскери қызметшілер мен қызметшілер болса, олардың ішінде 133 адам ұшу құрамы).
Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері 62 экипаж командирлері, 54 штурман, 66 борт техниктері, 45 борт-радист, 51 экипаж командирлерінің көмекшілері дайындалды.
«Калкан», «Нелегал», «Какпан» шекара және ведомствоаралық операцияларына ұшқыштар белсенді атсалысты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бірінші Авиациялық базасының 85 жыл ішінде, 4 офицер – Ленин орденімен, 21 офицер 2 сержант – Қызыл ту орденімен, 6 офицер – «Отанына қызмет еткені үшін» орденімен, 19 офицер – «Қаһармандығы үшін» орденімен, 3 офицер «ІІ-дәрежелі Айбын» орденімен. Сонымен қатар, 120 офицер 5 прапорщик, 1 сержант – «Жауынгерлік еңбегі үшін», 4 офицер- «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1 офицер-«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Осындай тарихы тереңде жатқан Әскери Әуе Күші биылғы уақыттта 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Наурыз қарсаңында өткен аталмыш шараға Әуе Күштерінің ардагерлері, басқа да әкімшілік лауазым иелері қатысты.
Серік Төлеуханов
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024