arasha.kz

ҰҚК: «Сирияда болған» қазақстандық Астанаға жеткізілді

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Дастан Хайсин Астанаға жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Хайсинді 2 қазанда күштік құрылым қызметкерлері Грекияның Афины қаласынан Астанаға әкелген.

ҰҚК дерегінше, Қарағандыда туған Хайсин Сириядағы террористік топтардың қызметіне араласқан және 2015 жылдан бері оған іздеу жарияланған. Хайсин қазір қамауға алынған. Оған қатысты тергеу басталғаны хабарланды. 

Тамызда ҰҚК Сирия мен Иракта 800-ге жуық Қазақстан азаматының жүргенін хабарлаған. Азаттықтың ресми сауалына жолдаған жауабында ҰҚК Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

12 қыркүйекте Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия мен Иракта жүрген қазақстандықтарды елге қайтару мәселесін көтеріп жатқанын мәлімдеген.

 

Azattyq.org

Exit mobile version