20-11-18 |
1920 рет қаралған
Калгари билігі 2026 жылғы олимпиаданы өткізу өтінішін қайтарып алады.
Канаданың Калгари қаласының қалалық кеңесі 2026 жылғы қысқы олимпиада және паралимпиада ойындарын өткізуге қарсы дауыс берді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Өткен аптада Калгариде өткен референдумда тұрғындардың 56 пайыздан астамы қалада олимпиада өткізуге қарсы дауыс берген.

Қала мэрі Нахид Ненши референдум нәтижесінен көңілі қалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қала олимпиада өткізу туралы өтініш беруге екі жыл дайындалған. Калгари өтінішін қайтарып алса Альберта провинциясы бөлетін 700 миллион доллар инвестициядан қағылмақ.

Калгари 1988 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткізген.

2026 жылғы олимпиада өтетін қала Халықаралық олимпиада комитетінің келесі жылы Лозаннада өтетін сессиясында анықталады. Олимпиаданы өткізуге Калгариден өзге Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары мен Швеция астанасы Стокгольм өтініш берген.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.