27-10-18 |
1450 рет қаралған
Кандагарда сайлау кешігіп өтіп жатыр.
Ауғанстанның Кандагар провинциясында парламенттік сайлау кешігіп өтіп жатыр. Елдегі 34 провинцияның 32-де сайлау бір апта бұрын өткен.

Өткен аптада сайлауға екі күн қалғанда Кандагардағы полиция бастығы Абдул Разикті талибтер өлтіріп кеткен. Сайлаудың кешігіп өтуіне осы себеп болған. Абдул Разик полиция бастығы болып тұрған кезде “Талибанның” отаны саналған провинцияда жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанып, тұрғындар бейбіт өмірге бейімделе бастаған. Оның өлімі тұтас елді есеңгіретіп тастады.

Биліктің дерегінше, полиция бастығының өлімінен кейін Кандагарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша мыңдаған әскери жіберілген. Бүгін өтіп жатқан сайлауға 550 мың адам қатысуы мүмкін. Билік дауыс беру науқанында талибтер тағы да шабуыл жасауы мүмкін деп әскерилер мен тұрғындарды ескерткен.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.