Біз
әлеуметтік
желіде
21-05-25 |
480 рет қаралған
Кәрім Мәсімовтың қызы Ресейде бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр.
Кәрім Мәсімовтың қызы Ресейде бұрынғы күйеуімен соттасып жатыр

Ресей сотында ҚР ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қызы — Тамилла Кәрім мен оның бұрынғы жұбайы Азамат Капенов арасындағы мүлікті бөлуге қатысты іс қаралуда. Nege.kz порталының хабарлауынша, дау жылжымайтын мүліктің элиталық нысандары мен қымбат көліктерге байланысты.

Келесі сот отырысы 2025 жылғы 9 маусымға белгіленген. Бұл жолы тараптардың негізгі мүліктік талаптары мен қосымша құжаттары қаралады деп күтілуде.

Бұған дейін тараптар балаларға қатысты қамқорлық мәселесін шешкен. 2022 жылғы желтоқсанда Біріккен Араб Әмірліктерінің шетелдік мұсылман еместер істері жөніндегі соты балалардың ай сайын екі апта анасымен, екі апта әкесімен тұруын бекіткен шешім шығарды.

Азамат Капенов кім және оның Кәрім Мәсімовпен қандай байланысы бар?

Азамат Капенов — Қырғызстанда туған, Ресей азаматы. «Выход к морю» телеграм арнасының мәліметінше, ол Мәскеу, Серебряный бор және Рублёвкада орналасқан элиталық жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны 10 миллиард теңгеге жуық. Сондай-ақ, оның меншігінде Porsche Taycan Turbo S сияқты люкс автокөліктері бар, бұл көліктің нарықтағы құны 190 мың еуродан асады.

Карим Мәсімовтың қызының бұрынғы күйеуі сонымен қатар қылмыстық тергеуге де басы шатылған.

Кәрім Мәсімовтың күйеу баласы халықаралық іздеуде

2024 жылғы тамызда Кәрім Мәсімовтың күйеу баласына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан халықаралық іздеуге жарияланды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша — аса ірі көлемде, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған алаяқтық фактісі бойынша айып тағылған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.