19-11-18 |
1810 рет қаралған
Киевте оңшыл радикалдар ЛГБТ маршын тоқтатып тастады.
Киевтің орталығында оңшыл радикалдық ұйымдардың белсенділері трансгендерлердің құқығын қорғауға арналған «Insight» деп аталатын маршына кедергі келтіріп, ортадан тоқтатып тастады. Бұл туралы марш ұйымдастырушылары хабарлады.

Маршқа қатысатындар Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік ұйымдардан трансгендерлерге медициналық көмек көрсету жөніндегі жаңа клиникалық хаттаманы бекітуді және трансгендерлердің бала бағып алуына салынған тыйымның жойылуын талап етпек болған. ЛГБТ белсенділері кемсітушілікке қарсы іс-қимыл туралы заңға трансгендерлер құқығын қорғау ережелерін енгізуді және трансгендерлерге зорлық-зомбылық көрсетуді жеккөрушіліктен туатын қылмыстар санатына қосуды талап етеді.

Ұйымлдастырушылар маршқа кедергі жасалып, ортасынан тоқтатылғанын, жақын күндері оқиғаның мән-жайын жариялайтынын айтады.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.