Ұсыныс 2018 жылдың 8 қарашасына дейін талқыланады. Егер қаулы қабылданса, онда Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі тұрғындарды облыста сағат өзгергені туралы хабардар етеді. Ал облыс әкімдігі 21 желтоқсанға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа кейінге жылжытады.
Қазақстан аумағы екі сағаттық белдеуде (UTC+5 және UTC+6) орналасқан. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары UTC+5 белдеуіне, қалған облыстар UTC+6 белдеуіне кіреді.