26-10-18 |
1150 рет қаралған
Үкімет Қызылорда облысында жергілікті уақытты өзгертуді ұсынды.
Қазақстан үкіметі Қызылорда облысында жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытуды ұсынды. Egov.kz порталында қоғамдық талқылауға шығарылған үкіметтің «Қазақстан аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулысына сай, Қызылорда облысында 21 желтоқсанға қараған түні жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжыту ұсынылып отыр.

Ұсыныс 2018 жылдың 8 қарашасына дейін талқыланады. Егер қаулы қабылданса, онда Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қызылорда облысының әкімдігі тұрғындарды облыста сағат өзгергені туралы хабардар етеді. Ал облыс әкімдігі 21 желтоқсанға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа кейінге жылжытады.

Қазақстан аумағы екі сағаттық белдеуде (UTC+5 және UTC+6) орналасқан. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары UTC+5 белдеуіне, қалған облыстар UTC+6 белдеуіне кіреді.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.