11-12-23 |
8240 рет қаралған
Көкшетаудың жылу желілерінде апат болып, ондаған үй жылусыз қалды.
Көкшетаудың жылу желілерінде апат болып, ондаған үй жылусыз қалды

Көкшетау қаласында жылу желісінің екі жерінен ақау шығып, ондаған үй жылусыз қалды.

«Сабатаев көшесіндегі жылу трассасында ақау анықталды. «Көкшетау жылу» мекемесі мен Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ақауды жою жұмыстарын жүргізуде», – делінген Көкшетау әкімдігі таратқан хабарламада.

Әкімдік сондай-ақ 10 желтоқсандағы апатты жағдай туралы айтты. Көкшетау әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісовтың айтуынша, 40 нысанға жылу беру тоқтатылған. Негізінен жеке тұрғын үй секторларына. Ол сондай-ақ желі бойындағы ақауды бірнеше сағатта жөндейтіндерін жеткізді.

Дәл осы күні Габдуллин мен Серкебаев көшелерінің қиылысында екінші апат орын алды. Жылу желісінің негізгі учаскесінен коллектордағы жылу камерасында ақау анықталды.

Айта кетсек, бұған дейін Степногорск қаласында да жылу трассасынан ақау шығып, бірнеше нысан жылусыз қалған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.