Фото: Владислав Воднев/Sputnik.kz
Карантин алынып, сауда кешендері, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қайта ашылғалы Қазақстанда коронавирус инфекциясы өршіп, ауруханаларда науқастарға орын тапшы болып жатыр, ал дәріханаларда дәрі-дәрмекке ұзын сонар кезек пайда болған. Соңғы ресми дерек бойынша (30 маусымға) елде коронавирусқа шалдыққандар саны 41 мыңнан асты, ал осы дерттен көз жұмған адам 188-ге жетті. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) Қазақстанды коронавирус тез таралып жатқан елдер қатарына қосты. Коронавирус өршіп кеткеніне байланысты соңғы екі аптаның сенбі, жексенбі күндері сауда кешендері қайта жабылды.
Биылғы 2020 жыл басталғалы көптеген мерекелік шаралар да өтпеді. Тіпті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойлары да бұрынғыдай ат шаптырып, жиын-той жасап аталып өтіп жатқан жоқ. Алайда Бірінші президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне сәйкес келетін Елорда күнінің атап өтуге COVID-19-дың ел ішінде кеңінен таралып кетуі кедергі болмай отыр. Ел коронавируспен алысып жатқан уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Астана күнін тойлауға дайындықты қызу жүргізіп жатыр.
«Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» МКҚК ұйымдастыруымен, астаналық өнер ордалары бас қосқан «МЕРЕКЕЛІК САХНА» мәдени іс-шарасы өтеді» деп хабарлайды «Nomad City Hall» әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жазбадағы мәлімет бойынша іс-шараға Елорданың мәдениет ұжымдары: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театры, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар» театры, «ММ» өнер-білім орталығы, «Астаналық цирк» МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қала тұрғындары мен қонақтарына 6 күн бойы өнер көрсетеді.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты Астана күніне орай Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кино көрсетілімі өтетінін жазыпты. Әкімдік Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 1-6 шілде аралығына шақырып отыр.
Бұл екі шараға да міндетті түрде маска тағып, санитайзерлер қолдану және әлеуметтік қашықтық сақтау керек деп жазыпты. Алайда еске салсақ, ДДСҰ маска тағып, санитайзерлер қолдану әрқашан коронавирустан сақтануға толық кепілдік бермейді, ең дұрысы әр адам оқшауланып, үйде отырғаны құп екенін айтқан болатын.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024