Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Айтбек Амангелдінің QANTAR қорынан қаржылай төлем алғанын мәлімдеді. Бұған дейін Айтбек «Біз бір тиын да алған жоқпыз» деп мәлімдеген болатын.
«Олар менен істі қай күннен бастап алғанымды сұрады, келісімді бұзу үшін. Ал Айтбек бұған дейін ешкімнен ақша алмағанын айтқан еді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Қорда ақы төленгенін растайтын аудиожазбалар бар. Олардың айтуынша, үш адвокатқа да қаламақы төленген», – деді Шекеев.
QANTAR қорының өкілдері Шекеевке хабарласып, оның қорғаушылық мандатының нақты күнін анықтауға тырысқан. Бұл бәлкім, Айтбек Амангелдімен жасалған келісімді ресми түрде тоқтату үшін қажет болған.
Еске салсақ, Айтбек Амангелді бұрынғы сұхбаттарында былай деген:
«Біз бір тиын да алған жоқпыз. Барлығын тегін істедік».
Алайда адвокаттың мәлімдемесі мен қордағы жазбалар бұл пікірлермен қайшы келеді.
Shyndyk редакциясы QANTAR қорының басшысы Мұхамедхан Омаровпен байланысып, қосымша пікір алды. Толығырақ – бейнематериалда.
QANTAR қоры туралы не білеміз?
QANTAR қоры – Қазақстандағы танымал қоғам қайраткерлерін біріктіретін ұйым. Олардың қатарында:
- Болат Әбілов
- Арманжан Байтасов
- Мұхтар Жәкішев
- Ораз Жандосов
- Асылбек Қожахметов
- Данияр Канафин
және тағы басқа азаматтар бар.
Қор қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғау және азаматтық бастамаларды қолдаумен белсенді айналысып келеді.
Айтбек Амангелді кім?
Айтбек Амангелді – құқық қорғаушы, қоғам белсендісі және Салтанат Нүкенованың ағасы. Салтанат экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза болған. «Салтанат ісі» атышулы сот процесіне айналы, Бишимбаев ұзақ жылға сотталған. Осы оқиғадан кейін Айтбек әділет үшін күрестің символына айналып, Салтанаттың есімімен аталған қор құрды. Ол тергеу, сот процесі мен қоғамдағы үндеулерге белсене араласты. Желі қолданушылары оны жиі «аға» деп атайды.