«АҚШ-тың тағы бір халықаралық келісім – орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы келісімді жою ниетіне байланысты жаңа қауіп төніп тұр. ҰҚШҰ елдері бүгін осыған байланысты ЕҚЫҰ құжаты ретінде таралатын арнайы мәлімдеме қабылдады» деді Лавров.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Лавров Ресей қауіп-қатерге алаңдайтынын «кәсіби түрде, жүйелі диалог арқылы талқылауды» қолдайды. Оның пікірінше, тығырықтан шығу үшін Батыс елдері тоқтатып тастаған әскерилер арасындағы байланысты қалпына келтіру керек.
«Егер бұл процесті саясиландырмайтын болсақ, онда мәселені шиеленістірмей, қару-жарақты бақылауға алып, қауіпті жағдайлардың алдын алу тәсілдерін жақсарта аламыз» деді Лавров.
4 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресей өзіне жүктелген міндетін орындасама, АҚШ 60 күннің ішінде орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімнен шығатынын мәлімдеген.
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024
-
12.11.2024