18-02-19 |
2750 рет қаралған
Лондондағы қымбат үйлердің бірі Қазақстанда сатылады.
Лондондағы қымбат үйлердің бірі Қазақстанда сатылады

Елімізде көп балалы аналар жиналып, баспана сұрап, мемлекетке талап қойып жатқан кезде, Ұлыбританиялық тұрғын үй сатушылары Алматы мен Астанаға келіп, элиталы пәтерлерін сатуға шығармақшы.

2018 жылы  ең табысты жобалардың бірі атанған Лондондағы 9 Millbank тұрғын үйі сатылады, – деп Ұлыбританиялық тұрғын үй сатушылар ақпарат таратыпты.

Аталған элиталы баспаларды сататындардың жазуынша, бәсекенің жоғарылығына қарамастан, құрылысшылар санаулы айлардың ішінде Millbank Quarter жобасының алғашқы фазасында 95 пәтерді сатып үлгерген. 2019 жылдыңақпанында Millbank Residences -тің көптен күткен екінші фазасының сатылымы басталды. Бұл ғимарат жағажайда орналасқан, мемлекеттің қорғауына алынған тарихи ғимараттың реконструкциясы»-дейді сайт.

Millbank Residences үйлері ағылшын классикасы мен заманауй техниканы үйлестірген элиталы баспана деп мақтапты сатушылар.

Еуропа нарығындағы дағдарысқа қарамасан, Лондонда жылжымайтын мүлік бағалары бұрынғы қалпында және сұранысқа ие дейді.

Үситіміздегі жылы 25-28 ақпанда Астана мен Алматыда 9 Millbank тұрғынүйлерінің таныстырылымы өтеді. Сол жерде сатып алушылар бірден өзі қалаған пәтерді брондай алады деп хабарлайды londondom.com сайты.

Пәтерлердің бағаларын сайт төмендегідей көрсетіпті:
студиялар – от  £850.000
1 жатын бөлмесі барлары – £970,000
2 жатын бөлмесі барлары –  £1,140,000
3 жатын бөлмесі барлары – £1,745,000
4 жатын бөлмесі барлары және пентхаусдар сұранысқа қарай,- деп көрсетіпті сайт. Сондай-ақ тұрғынүйдің бөлмелерін де жариялапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.