Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрманов Жаңаөзендегі наразылыққа шыққан халықпен кездесуге келді. Ол ешқандай қытай зауыты аймақта салынбайтынын айтып, елді сендірмек болды, алай да халық наразылықтарын доғармады. Бұл туралы «Лада» басылымы хабарлайды.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының орталық алаңында кешеден бері халық наразылық шарасын өткізіп жатыр. Бүгін, 3 қыркүйекте наразылыққа 500-дей адам шықты.
Тұрғындар Қазақстан териториясында 55 Қытай зауытының салынуына қарсы шығып отыр.
– Өзім Ақтауда тұрамын. Елде қытай зауыттарының салынуына қарсы Жаңаөзенде жұрт жиналып жатқанын естідім. Өздеріңіз де білесіздер, егер қытайдың зауытын салса мұнда қазақтар болмайды. Жұмыс болмайды. Біздікілер он есе аз жалақыға ең ауыр жұмыстарды атқарады. Зауытты өзіміз салуымыз керек. Осы уақытқа дейін қытайсыз өмір сүрдік, ары қарай да солай өмір сүруіміз керек, – дейді Ақтау тұрғыны Нүрияш Әбдіреева.
Жаңаөзендіктер атқарушы биліктің «»құрғақ уәдесінен» шаршағандарын айтып жатыр. Олар мемлекет басшысының өз аузынан қытай зауыттарының салынбайтындығын естімейінше күнде митингіге шыға беретіндіктерін айтып отыр.
– Қанша жас жұмыссыз жүр, қарасаңыздаршы. Біз әкімге сенбейміз. Президент өзі Қытай зауыттары салынбайды деп айтпайынша наразылыққа шыға береміз, – деді Нұрсұлтан Түгелов.
Халықпен кездесуден кейін әкім азаматтармен жеке кездесу өткізді.
Қазір азаматтармен Жаңаөзен әкімі Әділбек Дауылбаев кездесу өткізіп жатыр.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024