Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
1940 рет қаралған
Magnum компаниясының басшылары ресми мәлімдеме жасап, кешірім сұрады.
Magnum компаниясының басшылары ресми мәлімдеме жасап, кешірім сұрады

Magnum компаниясының басшылары ресми мәлімдеме жасап, кешірім сұрады. Соңғы күндері әлеуметтік желіде Magnum компаниясына қатысты түрлі пікірлер айтылып, жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Бұл жағдай қоғамда көпшіліктің назарын тудырды. Осыған байланысты Magnum басшылығы бүгін ел алдына шығып, ресми мәлімдеме жасады. Олар оқиғаға байланысты сүйікті клиенттерінен және барша халықтан кешірім сұрады.

Құрметті ағайын, қадірлі қазақ елі! Бұл жағдай елді дүрліктіріп, жұрттың мазасын алғаны үшін өкініш білдіреміз. Біз Magnum компаниясының басшылығы ретінде осы оқиға үшін барлық клиенттерімізден кешірім сұраймыз. Қазақ халқы қай кезде де дауды сабырмен, ақылмен шешкен. Қазіргі таңда жұмысшымыз бен клиент арасындағы түсініспеушілік толықтай шешімін тапты. Олар бір-бірімен татуласып, қол алысты. Енді ешқандай өкпе-реніш жоқ. Қызметкеріміз жұмысын бұрынғыдай жалғастырып жатыр, – деді Magnum компаниясының топ-менеджері Нияз Шапақов.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.