15-05-24 |
10190 рет қаралған
Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» басшылығындағы қызметінен босатылды.
Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» басшылығындағы қызметінен босатылды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына жаңа басшы Асхат Хасеновты таныстырды, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы қызметін Мағзұм Мырзағалиев атқарып келген болатын.

Жаңа басшы Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды. 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.