21-11-18 |
800 рет қаралған
Медиа құрылтайда әлеуметтік желінің бұғатталатыны айтылды.
Алматыда қазақстандағы БАҚ нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы медиа құрылтай өтіп жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, құрылтайда Қазақстандағы ақпарат құралдарының иелері, басшылары мен бас редакторлары, сарапшылар, журналистер мен саясаттанушылар медиа нарығын дамытуғк қатысты мәселелерді талқылап жатыр.

Құрылтайда сөйлеген Айдос Сарым Қазақстанда көп телеарна Қазақстан заңдарымен жұмыс істегенімен, «тіл туралы ережелерді сақтамайтынын» айтты. Ол сонымен қатар оппозициялық саясаткер, шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шыққан уақытта мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің ашылмай қалатынын жеткізді.

Қазақстан журналистер академиясының президенті Сағынбай Қозыбаев интернетті бақылауды «дұрыс» санайтынын, себебі интернетте «қажетсіз нәрселер» салынатынын айтты.

Құрылтайда сөйлеген медиа мамандары теледидар көрермендері азайғанын, оны көбейту үшін бағдарламалардың сапасын арттырып, қазақ тіліндегі контент санын көбейту керегін айтты.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.