Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев танымал әнші Мейрамбек Бесбаевты өзінің штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын мәлімдеді.
Бұл жаңалықты әкім instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады:
-«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», -деп хабарлайды Алматы Қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Мейрамбек Бесбаев Қазақстанға жастайынан танымал болған әнші. Ол он үш жасында әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әнін сахнаға айтып шығып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ал 2000 жылдардың басында Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаевтармен МузАРТ атты топ құрып, өнер көрсетті. Әншінің сахнада жүргеніне отыз жылдан асты.