Сенбі күні Калифорниядағы Рональд Рейганның президенттік кітапханасында сөйлеген сөзінде Мэттис «АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының нашарлағаны шүбәсіз» деген. Ол бұған Мәскеу мен «қателігінен сабақ алмайтын» президент Владимир Путинді тікелей айыптаған.
«Ол, мысалы, өткен айда тағы да біздің сайлауымызға бірдеңе істеуге тырысты, мұндай әрекеттерді бақылап отырмыз» деген Мэттис.
Оның пікірінше, Путин іс-әрекеттері АҚШ-та «оның өз халқына қарсы жау» тауып беретінін түсінбейді. Пентагон басшысы дәл қазіргі сәтте Ресейге сенім артуға болмайды деген осыған дейін орыстар Керчь бұғазында украин кемелері мен теңізшілерін ұстағанда айтқан сөзін қайталаған.
Бұған дейін АҚШ құқық органдары Конгрестің аралық сайлауына Ресейдің ықтимал ықпал ету әрекеттерін мұқият бақылап отырғандарын, бірақ әзірше сайлауға көпе-көрнеу араласу оқиғалары тіркелмегені туралы мәлімдеген. Мэттис те өз сөзінде Ресейдің нақты қандай іс-әрекетін килігу деп санайтындығына дерек-дәйек келтірмеді.
АҚШ-та қарашада өткен аралық сайлау нәтижесі бойынша, демократтар Өкілдер палатасында көпшілік дауысқа ие болған, ал Сенатта бұрынғысынша республикашылар басым.
АҚШ-та қазір 2016 жылғы Америка президентінің сайлауына Ресейдің ықтимал килігуіне байланысты тергеу жүріп жатыр. Мәселен, хакерлік шабуылдар, қоғамдық пікіріге ықпал ету мақсатында әлеуметтік желілерде «жалған жаңалықтар» тарату тәрізді іс-әрекеттерді тексеріп жатыр. Арнайы прокурор Роберт Мюллердің тергеу тобы Дональд Трамптың сайлау штабының адамдары мен Ресей арасындағы ықтимал байланысты зерттеп-тексерумен айналысады.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024