24-10-18 |
970 рет қаралған
Министр: Елшіге қатысты істің ашық тергелгенін қалаймыз.
Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 23 қазанда үкімет жиыны арасында журналистерге министрлік Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаевқа қатысты тергеудің ашық жүргізілуіне мүдделі екенін айтты. 22 қазан күні Қазақстан президентінің әкімшілігі Ерік Өтембаев бюджет қаржысын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп, Өзбекстандағы елші қызметін атқарудан уақытша шеттетілгенін хабарлаған.

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ерік Өтембаев Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі ғимаратын салу жұмыстарына қатысты «жалған құжатқа біле тұра» қол қойды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, тергеу министрліктің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің «пара алды» деген күдікпен қамауға алынуымен байланысты жүргізіліп жатыр.

«Біз барлық қадағалаушы органдармен белсенді жұмыс істесеміз. Мына жағдайда Ұлттық бюроға істі толық және шынайы түрде тергеуіне болысамыз» деді Әбдірахманов журналистерге. Оның сөзінше, қазір «барлық алдын алу шаралары» жасалып жатыр.

«Сыртқы істер министрлігі мен үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және мемлекеттік қызметкердің заңға қайшы әрекет жасауына жол бермеу мәселесінде ашықтық танытады. Кінәсіздік презумпциясы барын да ұмытпауға шақырамын» деді министр.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.