Қазақстандағы автожанармай құю станциясында Ресей азаматтарына дизель отыны төмен бағада сатылып жатқандығы туралы түсірілген бейнеролик желіде тарап кетті. Ақпаратқа байланысты энергетика министрлігі мәлімдеме жасады.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі «елдегі дизель отыны көрші елге арзанға сатылып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Ақтөбе әкімдігінің ақпараты бойынша «Убайдуллин М.ЖК» ЖҚС-да (видеоға түсірілген) АИ-92 маркалы бензин литріне 164 теңгеден сатылған. Бұл АЖҚС-та дизель отыны сатылмайды. Дизель отыны Бадамша және Қос-Естек ауылдарында еркін сатылуда”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ведомство елімізде мамыр айынан бастап «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық қолданылатынын, оған сәйкес елден бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынғаны айтылған.
Министрлік өкілдері жанар-жағармайдың әкетілуіне куә болған барлық адамдарды Қазақстан Республикасының ІІМ, ҚМ МКК немесе ҰҚК Шекара қызметіне жүгінуге шақырды.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024