08-10-18 |
1460 рет қаралған
Мирзияев Францияға ресми сапармен ұшып кетті.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 қазан күні Францияға ресми сапармен ұшып кетті.

Мирзияев Парижге сапары барысында Франция президенті Эммануэль Макронмен, парламент басшысымен, жетекші компаниялар және қаржы институттарының басшыларымен кездесуді жоспарлап отыр. Келіссөздер барысында 10-нан астам үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Биыл тамызда Эммануэль Макрон Шавкат Мирзияевті Өзбекстан тәуелсіздігіне 27 жыл толуымен құттықтап, оның Парижге сапарлауын күтіп отырғанын мәлімдеген.

Биыл шілдеде Парижде Өзбекстанның Франциядағы алғашқы сауда үйі ашылған. Сауда үйі Өзбекстан өнімдерін Францияда және Еуропаның басқа да елдерінде экспорттауды алға жылжытуға септеседі. Франция бұдан өзге Өзбекстаннан қауын мен анар импорттауға қойылған фитосанитарлық шектеуді алып тастаған.

Мирзияев сапарының қарсаңында Франция азаматтарының Өзбекстанда 30 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат беретін жарлыққа қол қойған. Өзбекстандық БАҚ-тың жазуынша, Франциядан келетін туристер саны жылдан жылға артып келеді. 2016 жылы Франциядан келген туристер саны 4900-ге жуық болса, 2017 жылы 5748 турист келген.  Ал 2018 жылдың сегіз айында ғана Өзбекстанға Франциядан 9172 турист барған.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.