Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга егер Ұлы халық хуралы (парламент) өз-өзін тарату туралы шешім қабылдамаса, аштық жариялайтынын я бір орында отырып ереуіл жасайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі Моңғолия телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды.
Халтмаагийн Баттулга парламентті экономикалық дағдарыстарға төтеп бере алмай келеді деп сынады. Моңғолия президенті Халықаралық валюта қорынан көмек сұраған, бірақ үкімет ешқандай қолдау көрсетпеді.
Bloomberg Баттулганың бұл әрекетін 2020 жылы өтуі тиіс парламент сайлауы алдындағы саяси жүріс деп есептейді. Ол басқаратын Демократиялық партия парламенттен көп орын алуды көздейді. Партия қазір Ұлы халық хуралында 25 пайыз мандатқа ие. Қалған мандат Моңғолия халықтық партиясының қолында. Жергілікті сарапшылар президент өз әкімшілігінің құзыретін де кеңейткісі келетінін айтады.
29 қазанда Баттулга парламентке мерзімінен бұрын өз-өзін тарату жөнінде хат жолдаған. Хатта парламент 2016 жылғы сайлау кезіндегі уәдесін орындамай, заң бұзғаны айтылған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024