13-07-22 |
2020 рет қаралған
Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ – Смайылов.
Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ – Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы жөнелту жұмыстарына қатысты түсініктеме берді Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

«5 шілдеде Новороссийск аудандық соты КҚК-нің жұмысын бір айға шектеді. 6 шілдеде ресейлік әріптесіміз премьер-министрге хабарласып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбыры қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ», – деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов консорциум қызметін тоқтата тұруға байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді.

Артынша Ресей соты КҚК қызметін тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырым; Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы осы бағыт бойынша тасымалданады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.