11-12-18 |
2910 рет қаралған
Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемнің 110 елі Қазақстанда шығарылған өнімді тұтынуда.
Нұрсұлтан Назарбаев: Әлемнің 110 елі Қазақстанда шығарылған өнімді тұтынуда

Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған жалпыұлттық телекөпір өтті.
Телекөпір барысында мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 28 жаңа жоба таныстырылды.

– Біз индустрияландыру кезеңінде 1250 жаңа кәсіпорын құрдық, соның ішінде 100 кәсіпорынды биыл іске қостық. 300 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде әлемнің 110 елі Қазақстанда шығарылған өнімді тұтынуда. Соңғы жылдары біз бұған дейін елімізде жасалмаған бұйымдардың 500-ден астам түрін шығарып, 50-ге жуық жаңа тауар түрін экспорттап отырмыз, – деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ телекөпір соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.