Парламент азық-түлік келісімшарт корпорациясының резервінен қосымша ақша бөлуді сұрап отыр, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы.
Парламентте тауар нарықтарынан бидайды қосымша сатып алу туралы айтылды. Осылайша, бидай көлемі жеткілікті болуы керек.
«Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің айтуынша, бұл нанға ғана емес, жарма мен макарон өнімдеріне де бағаны тұрақтандыруға көмектеседі. Әйтпесе, азық-түлік нарығындағы сәбіз бен картоптың бағасы күрт көтерілген секілді бидай өнімдерінің де бағасы артады”, – деді Ғалым Әміреев.
Депутаттың айтуынша, ұнның бағасы өсті. 1-сорттың келісі 200 теңге шамасында. Бұл жаздағыдан 70 теңгеге жоғары. Сонымен қатар диірменшілерге шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың жасанды жолмен жасалатынын мойындайды.