Президент бұған қоса Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағы «толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұрғанын» айтты. Қазақстан президенті сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Президенттің сөзінше, Қазақстан ең ірі сауда әрі инвестициялық серігі Еуропа Одағымен белсенді ынтымақтастық байланысын дамыта береді.
Назарбаев Орталық Азия аймағында өзара іс-қимылдың жаңа кезеңі ашылғанын да жеткізді.