arasha.kz

Назарбаев Есімовтің көмегіне жүгінеді

Ахметжан Есімов Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы қызметінен 30 наурызда кеткен болатын.

Exit mobile version