Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің Қауіпсіздік Кеңесіне қайта тағайындаулар жасады. Ақпарат «Елбасы» сайтына шықты.
Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдері бойынша келесі тағайындаулар болды:
– Уразгулов Расул Кабдулович – Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы;
– Есин Данияр Нұрашұлы – Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының жетекшісі.
Сонымен бірге Назарбаев Русланбек Бекжігітов пен Ерлан Абдақасовты жоғарыда аталған лауазымдардан босатты.