Телеарнадан сөйлеген Нетаньяху Израильде қазір мерзімінен бұрын сайлау өткізуге уақыт жоғын айтты. Оның сөзінше, бұдан бұрынғы үкіметті жаңадан сайлау өткізу арқылы күшейту әрекеттерінен ешнәрсе шықпаған. Ал Авигдор Либерманның «Израиль – біздің үйіміз» партиясы басқарушы коалициядан шыққан соң Нетаньяхудың партиясы парламенттегі басымдығын бір ғана дауыс айырмасымен сақтап тұр.
Авигдор Либерман Израиль қорғаныс министрі қызметінен 14 қарашада үкімет Газа секторындағы қақтығыс соңғы төрт жылдан бері бірінші рет ушыққаннан кейін ХАМАС тобымен бітімге келген соң кеткен.
Либерман бітімді «террордың алдында тізе бүгу» деп санайды. Бір апта бұрын ол ХАМАС-қа қарсы іс-қимылды күшейтуге шақырған. Биньямин Нетаньяху бітім жасасудың «қиынға түссе де, дұрыс шешім болғанын» айтады. Ол «жау жағы қақтығысты тоқтатуға жалынғанын» айтады.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024