arasha.kz

Нығматуллин БЖЗҚ басшысына неге шүйлікті

Мәжілістің пленарлық отырысында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысын қатаң сынады. 

 

Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттарға сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша заң жобасы ұсынылды. Бірінші оқылымда заңнама қабылданды. 

Құжаттың алғашқы бөлімдерінде ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарға ортақ зейнетақы аннуитетін ашу жайлы сұрақ қарастырылған. Депутаттар БЖЗҚ басшысы Жанат Құрмановқа заңға қатысты сауалдарын қойды. 

Алайда спикер сұрақтарға толық жауап бере алмай, Нұрлан Нығматулиннен қатаң сөгіс естіді. 

«Бірде-бір сұраққа жауап бермейсіздер. Осы сұрақтарға да. Біздің регламент бойынша бар болғаны екі қадам жасау керек. Неліктен жеткіліктік шегі жайлы халыққа үш апта жауап  бере алмағандарың енді белгілі болды. Мұнда келер кезде дайындалу керек, түсінікті ме?», – деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы. 

Exit mobile version